Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда газға қолжетімділік 2035 жылға қарай 80%-ға жетеді

Малика Хамит · · 27 қаралым
Қазақстанда газға қолжетімділік 2035 жылға қарай 80%-ға жетеді

Қазақстанда өңірлерді газдандыру жұмыстары қарқын алып келеді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай ел халқының 80 пайызын табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қазіргі таңда Қазақстандағы газдандыру деңгейі 64,2 пайыз екенін айтты. Бүгінде табиғи газға 13,1 миллион адам қол жеткізген.

Министрдің айтуынша, биыл газ тасымалдау жүйесін дамыту аясында жалпы 40 жоба жүзеге асырылады. Оның жетеуі бұрын басталған жобалар болса, 33-і жаңадан қолға алынған.

Солтүстік өңірлерді газбен қамту бағытындағы маңызды жобалардың бірі – «Есіл – Астана» магистральдық газ құбыры. Қазақстан Үкіметі мен «Газпром» арасында осы жоба бойынша меморандумға қол қойылды. Жоба іске асқан жағдайда Астана, Көкшетау және Петропавл қалалары табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етіліп, солтүстік аймақтарға газ жеткізу мүмкіндігі кеңейеді.

Сондай-ақ министрдің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында газ транзиті 70,4 млрд текше метрді құраса, 2026 жылы бұл көрсеткішті 73,3 млрд текше метрге жеткізу жоспарланған. Ал биылғы алғашқы бес айда газ транзитінің көлемі 30,3 млрд текше метр болған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp