Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда грант конкурсына құжат қабылдау 13 шілдеде басталады

Бақытжан Мұса · · 157 қаралым
Қазақстанда грант конкурсына құжат қабылдау 13 шілдеде басталады

Қазақстанда жоғары білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 13 шілдеде басталады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған Qandastar.kz хабарлады.

Орталық мәліметінше, талапкерлерден өтініштер 13-20 шілде аралығында қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн немесе виртуалды қабылдау комиссиялары мен eGov порталы арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фотосурет, орта білім туралы аттестат немесе колледж түлектері үшін диплом, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысатындарға растайтын құжаттар қажет. Ал B167 «Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану» білім беру бағдарламасына түсушілер дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиядан медициналық куәландырудан өтуі тиіс.

Қосымша мәліметті талапкерлер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан ала алады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp