Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда интернет пен байланыс бағасы Ресей мен Қытайдан қымбат

bahitzhanabzal
Қазақстанда интернет пен байланыс бағасы Ресей мен Қытайдан қымбат

Еліміздегі интернет пен байланыс қызметтерінің құны Ресей мен Қытай елдеріне қарағанда жоғары, деп жазады qandastar.kz сайты Ism.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар ұялы байланысқа арналған ең қолжетімді тарифтік жоспарға (10 ГБ деректер пакеті мен қоңыраулар) орта есеппен 4,7 мың теңге жұмсайды. Бұл Ресей тұрғындарының байланысқа кететін шығынынан шамамен 40%-ға жоғары (3,4 мың теңге). Ал Өзбекстанмен салыстырғанда Қазақстандағы тарифтер 2,3 есе қымбат (2 мың теңге). Сондай-ақ, Қырғызстанда ұялы байланыс бағасы төмен – 2,8 мың теңге.

Беларусьте осындай тариф 4,4 мың теңге, ал Қытайда – 4,6 мың теңге тұрады. Түркияда баға Қазақстанға қарағанда жоғары (5,1 мың теңге).

Бұл қызмет үшін Жапония тұрғындары әлдеқайда көп төлейді – 12,4 мың теңге, Германияда – 13,8 мың теңге, Оңтүстік Африка Республикасында – 18,1 мың теңге, ал Оңтүстік Кореяда – 18,5 мың теңге. Ең жоғары тарифтер АҚШ-та (31,2 мың теңге) және Біріккен Араб Әмірліктерінде (28,5 мың теңге) тіркелген.

Интернет бағасын салыстырғанда да Қазақстандағы көрсеткіштер Ресеймен салыстырғанда жоғары екені байқалады. Қазақстанда 60 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы шексіз кеңжолақты интернет айына орта есеппен 6,8 мың теңге тұрады. Ал Ресейде бұл қызмет 4,2 мың теңгеге бағаланған.

Қырғызстанда ұқсас интернет пакеті 5,9 мың теңге, Қытайда – 5,7 мың теңге, Өзбекстанда – 6,3 мың теңге, Беларусьте – 6,2 мың теңге. Түркияда интернет құны жоғарырақ – 7,1 мың теңге.

Ал Оңтүстік Кореяда тұрғындар интернетке айына 11 мың теңге, Жапонияда – 16,4 мың теңге, ОАР-да – 21 мың теңге, Польша мен Ұлыбританияда 20 мың теңгеден астам қаржы жұмсайды.

Зерттелген елдер арасындағы ең жоғары интернет бағасы АҚШ-та – 37,1 мың теңге, сондай-ақ БАӘ-де – 50 мың теңге деңгейінде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp