Қазақстанда басқа өңірге қоныс аударған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды
порталы.
Көмек тек қаржылай төлеммен шектелмейді.
Жаңа жерде жұмыс табу, баспана мәселесін шешу және балаларды мектеп пен балабақшаға орналастыруға дейін сүйемелдеу қарастырылған.
Қандастар мен қоныс аударушыларға 25 түрлі мемлекеттік қызмет ұсынылады. Оның ішінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, баспана іздеу, жер учаскесін алуға көмектесу, медициналық және құқықтық кеңес беру бар.
Қаржылай қолдау да қарастырылған. Атап айтқанда:
- отбасының әр мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем;
- тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге 15-тен 30 АЕК-ке дейін көмек;
- 1625 АЕК мөлшерінде экономикалық мобильділік сертификаты беріледі.
Мемлекет әр отбасыға бірдей тәсіл қолданбайды. Қоныс аударушының кәсіби білімі мен тәжірибесі, әлеуметтік жағдайы, білімі және жаңа ортаға бейімделу мүмкіндігі ескеріледі. Осы мәліметтерге қарай отбасыға қажетті қолдау түрлері белгіленеді.
Бұл мүмкіндіктерді пайдалану үшін Үкімет айқындаған қоныстану өңірлеріне көшу қажет. Олардың қатарында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары бар.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – азаматтардың жаңа жерге жай ғана көшіп қана қоймай, сол жерде тұрақтап, жұмысқа орналасып, тұрмысын реттеуіне жағдай жасау.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (@enbekgovkz)