Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда мемлекеттік грант иегерлері анықталды

Малика Хамит · · 29 қаралым
Қазақстанда мемлекеттік грант иегерлері анықталды

Қазақстанда мемлекеттік грант иегерлері анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Биыл 75 мыңнан астам талапкер Қазақстанның жоғары оқу орындарында мемлекеттік грантпен білім алатын болды. 2026-2027 оқу жылына арналған грант иегерлерінің тізімін Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялады.

Грантқа биыл шамамен 127 мың өтініш түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Яғни жоғары білімді тегін алуға талас бұрынғыдан да күшейген.

Бөлінген гранттардың басым бөлігі инженерлік және техникалық бағыттарға берілді. Атап айтқанда, мемлекеттік гранттардың 60 пайызы елдің индустриялық және технологиялық дамуына қажетті мамандықтарға бағытталған.

Ал «Серпін» жобасы арқылы 2 мыңнан астам жас Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстандағы жоғары оқу орындарында білім алады.

Мемлекет әлеуметтік осал топтарға арналған квоталарды да сақтаған. Бұдан бөлек, халықаралық олимпиадалар мен ірі спорттық жарыстардың жеңімпаздарына конкурстан тыс гранттар берілді. Мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға да 1816 грант қарастырылған.

Грант иегерлері электрондық куәліктерін үш жұмыс күні ішінде Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан көре алады.

Ал университеттерге құжат тапсыру 25 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады.

Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp