Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерге басымдық күшейтілді

Бақытжан Мұса · · 58 қаралым
Қазақстанда мемлекеттік сатып алуда отандық өндірушілерге басымдық күшейтілді

Қазақстан Үкіметі мемлекеттік сатып алу жүйесіне қатысты жаңа қаулы қабылдады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады. Құжатқа сәйкес, енді кейбір шетелдік тауарларға ұлттық режим қолданылмайды, яғни олар мемлекеттік сатып алуда бұрынғыдай артықшылыққа ие болмайды.

Бұл шектеулер келесі салаларға қатысты:

  • машина жасау,
  • химия өнеркәсібі,
  • металлургия,
  • құрылыс индустриясы,
  • жиһаз өндірісі.

Сонымен қатар, егер белгілі бір тауар Қазақстанда өндірілмесе, бұл талап оған қолданылмайды.

Жаңа тәртіп бойынша, мемлекеттік сатып алуға тек арнайы тізілімге енгізілген қазақстандық тауар өндірушілер ғана қатыса алады.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, 10 жұмыс күні ішінде нақты тауарлар тізімін (кодтарымен бірге) бекіту міндеті жүктелді. Бұл тізім кейін уәкілетті органға ұсынылады.

Қаулы 9 мамырдан бастап күшіне енеді.

Үкіметтің айтуынша, бұл өзгерістердің негізгі мақсаты – отандық өндірушілерді қолдау және елдегі өнеркәсіп салаларын дамыту.

Бөлісу: Telegram WhatsApp