Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда музей қорының жаңа есепке алу тәртібі енгізіледі

Бақытжан Мұса · · 24 қаралым
Қазақстанда музей қорының жаңа есепке алу тәртібі енгізіледі

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және сақтау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Жаңа талаптарға сәйкес, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар жөніндегі мәліметтерді әр тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне жолдауы тиіс.

Өз кезегінде Ұлттық музей жиналған ақпаратты жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызына дейін мәдениет саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Сондай-ақ тұрақты сақтаудағы мәдени құндылықтар туралы барлық деректер Ұлттық музей қазақ және орыс тілдерінде жүргізетін Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік электронды каталогына енгізілетін болады.

Жаңа

2026 жылғы 17 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp