Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда неке саны бойынша Алматы көш бастап тұр

Бақытжан Мұса · · 903 қаралым
Қазақстанда неке саны бойынша Алматы көш бастап тұр

Қазақстанда неке ең көп тіркелетін қала анықталды. Мәліметтерге сәйкес, бұл көрсеткіш бойынша Алматы алда келеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты КТК порталына сілтеп хабарлады.

2026 жылдың басынан бері мегаполисте 4 600 жаңа отбасы құрылған. Орта есеппен қалада күніне шамамен 70 жұп некеге тұрады. Статистика көрсеткендей, әйелдер көбіне 29 жаста тұрмысқа шықса, ер адамдар 32 жаста үйленеді. Биыл тіркелген ең егде күйеу жігіттің жасы 92-де болса, ең жас жұп 16 жаста болған.

Сонымен қатар, неке санының жоғары болуына қарамастан, ажырасу көрсеткіші де назар аудартады. Жыл басынан бері Алматыда 934 жұптың некесі бұзылған. Әдетте ер адамдар 39 жаста, ал әйелдер 37 жаста ажырасуға шешім қабылдайды.

Бұған дейін елде заңсыз неке қиюға қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылғаны да хабарланған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp