Елде несиеге сұраныс артып келеді. Әсіресе ипотека мен автонесие рәсімдеуге ниетті азаматтардың саны көбейген. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады, дейді Qandastar.kz.
Жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалардың әсерінен баспана алуға 228 мың өтініш түскен. Ал автонесиеге сұраныс 20 пайызға өсіп, өтініштер саны 1,5 миллионға жетті.
Сонымен қатар кепілсіз тұтынушылық несиелердің көлемі де ұлғайған. Қазір азаматтар орта есеппен 1 миллион теңгеден астам несие алуға өтініш береді.
Кәсіпкерлік саласында орта бизнес өкілдерінің белсенділігі байқалғанымен, шағын және ірі бизнес тарапынан несиеге деген сұраныс біршама төмендеген.
Банк мамандары несие нарығындағы бұл өсім алдағы айларда да сақталады деген болжам жасап отыр.