Қазақстанда салынуы жоспарланған екінші атом электр станциясының атауы белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, жаңа нысан Балқаш көлінің жағалауында бой көтеруі мүмкін. Қазір бірнеше алаң қарастырылып жатыр. Ал жобаның алдын ала жұмыс атауы – “Мойынқұм” атом электр станциясы.
Сәтқалиевтің сөзінше, бұл жолы АЭС атауына арнайы конкурс өткізілмейді.
Сондай-ақ, екінші атом электр станциясының құрылысына қытайлық China National Nuclear Corporation (CNNC) компаниясы қатысуы мүмкін екені айтылды.
Осылайша, Қазақстанда атом энергетикасын дамыту бағытындағы ірі жобалар кезең-кезеңімен іске аса бастады.