Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда самокаттарға жаңа тыйым: жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілді

Бақытжан Мұса · · 26 қаралым
Қазақстанда самокаттарға жаңа тыйым: жол қозғалысы ережелеріне өзгерістер енгізілді

Мемлекет басшысы жол қозғалысы мәселелеріне қатысты заңға қол қойды. Құжат аясында автомектептердің қызметіне бақылау күшейтіліп, болашақ жүргізушілерді оқытатын ұйымдарға рұқсат беру құзыреті Ішкі істер министрлігіне берілді, дейді Qandastar.kz.

Сондай-ақ электр самокаттарына тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. ІІМ мәліметінше, 2025 жылы самокат жүргізушілерінің қатысуымен 139 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 149 адам зардап шеккен.

Бұдан бөлек, елде жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін камераларды қолдану аясы кеңейтіледі. Сонымен қатар электромобильдер үшін арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірлері енгізіледі.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа нормалар жүргізушілерді даярлау сапасын жақсартып, көлік қозғалысын бақылауды күшейтуді көздейді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp