Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов шілде айынан бастап барлық банктер бірыңғай QR-код жүйесіне қосылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Аlmaty.tv порталына сілтеп хабарлады. Бұл жүйе іске қосылғаннан кейін қазақстандықтар кез келген банктің қосымшасы арқылы бір QR-кодпен төлем жасай алады.
Мамандардың айтуынша, инфляцияның баяулауы қатаң ақша-несие саясаты мен теңгенің салыстырмалы тұрақтануына байланысты. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен жанармай бағасының уақытша тұрақтануы да әсер еткен. Соған қарамастан, базалық мөлшерлеме жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.
Ұлттық банк бұл шешімді инфляциялық қысымның әлі де жоғары болуымен түсіндірді. Баға өсіміне сыртқы факторлар, әсіресе Таяу Шығыстағы жағдай, сондай-ақ ел ішіндегі тарифтік реформалар мен ірі инвестициялық бағдарламалар әсер етуі мүмкін.
Бірыңғай QR жүйесі қазір енгізілу кезеңінде. Барлық құқықтық мәселелер шешілген, енді техникалық біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Жүйені толық іске қосу маусым айында аяқталып, шілдеде қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.