Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

bahitzhanabzal · · 50 қаралым
Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

Қазақстанда теледидар мен радио хабар тарату уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды

“Қазтелерадио” АҚ мәліметінше, өшіру жұмыстары 16 қазан күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жоспарланған.

Компанияның түсіндіруінше, бұл уақытта биылғы жылдың төртінші тоқсанына арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында қызметтер уақытша тоқтатылады.

Жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстан аумағы бойынша теле- және радиоканалдардың қайта таратуы уақытша тоқтатылады
делінген хабарламада.

“Қазтелерадио” атап өткендей, бұл шаралар телерадиохабар таратудың сапасын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp