Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ алтын өндірген

bahitzhanabzal · · 549 қаралым
Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ алтын өндірген

Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда алтын өндірумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топқа қатысты іс аяқталды, - деп хабарлайды qandastar.kz

«Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдікпен 12 адамға – Қазақстан, Украина және Ресей азаматтарына қатысты қылмыстық іс аяқталды», - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Тергеу мәліметінше, қазақстандықтар шетелдіктермен бірлесіп, 2021-2023 жылдар аралығында Ақмола облысында заңсыз бағалы металдар өндірген. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асты.

Олар «жер қойнауын геологиялық зерттеу» лицензиясын пайдаға жаратқан. Қазір іс сотқа жіберілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp