Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда тұрақты донорларға арнайы мемлекеттік марапат беріледі

Малика Хамит · · 805 қаралым
Қазақстанда тұрақты донорларға арнайы мемлекеттік марапат беріледі

Қазақстанда қан донорларын ынталандыруға бағытталған жаңа ведомстволық марапат – «Құрметті донор» төсбелгісі енгізілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тиісті қаулыны Үкімет қабылдады.

Жаңа марапатқа алғаш болып талаптарға толық сәйкес келген 481 тұрақты донор ие болады.

Төсбелгі қан немесе тромбоцитті кемінде 40 рет, ал қан плазмасын 70 реттен кем емес өтеусіз тапсырған азаматтарға беріледі.

Бұл марапат Қазақстан азаматтарымен қатар, елімізде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да табысталуы мүмкін.

Төсбелгіні Қазақстан теңге сарайы әзірлейді. Оның дизайнында қызыл түсті қан тамшысы мен жүрек соғысының белгісі бейнеленіп, адам өмірін сақтап қалудағы донорлардың маңызды миссиясын айшықтайды.

Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам адам донор атанып, 255 мыңнан астам қан тапсыру рәсімі өткізіледі. Соның арқасында 80 мыңнан астам науқасқа қан құйылып, олардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік жасалады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, донорлар медициналық тексеруден өту және қан тапсыру күндері жұмыс орнынан орташа жалақысы сақталған күйде босатылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp