Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда туризмді дамыту үшін Үйлестіру кеңесі құрылды

Бақытжан Мұса · · 84 қаралым
Қазақстанда туризмді дамыту үшін Үйлестіру кеңесі құрылды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі өкімімен Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Zakon.kz порталына сілтеп хабарлады.

Үйлестіру кеңесінің құрамына мемлекеттік органдардың вице-министрлері, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ жеке сектор өкілдері енгізілді. Кеңесті Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі басқарады. Оның орынбасары – Туризм және спорт вице-министрі, ал хатшылық қызметті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы атқарады.

Кеңес құрамында денсаулық сақтау, ішкі істер, сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, көлік, қаржы, ұлттық экономика, экология және басқа да салалардың өкілдері бар. Сонымен қатар, өңір әкімдерінің орынбасарлары, ұлттық компаниялар, әуе тасымалдаушылар, қонақүй бизнесі, туристік ұйымдар мен ірі жеке компаниялар да қатысады.

Үйлестіру кеңесінің негізгі мақсаты – туризм саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді әрі келісілген түрде іске асыру. Сондай-ақ, туризмді дамытуға қатысты маңызды мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру және салалық жобалардың тиімділігін арттыру көзделген.

Осы мақсаттарға жету үшін Кеңеске келесі міндеттер жүктеледі:

  • мемлекеттік органдардан, өңірлерден және бизнес өкілдерінен келіп түсетін ұсыныстар мен жобаларды қарау;
  • туризм саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ортақ тәсілдер әзірлеу;
  • туристік нарықтағы үрдістерді талдау және болжау негізінде ұсынымдар дайындау;
  • қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және олардың нәтижелерін бағалау.

Кеңес отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, бірақ жылына кемінде бір рет жиналуы тиіс.

Бөлісу: Telegram WhatsApp