Қазақстанда ым тіліне ресми мәртебе беру мәселесі Мәжілісте қаралып жатыр.
Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарды қолдауға арналған заң жобасы аясында депутаттар тиісті түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды
порталы.
Мәжіліс депутаттарының мәліметінше, бүгінде елде есту және сөйлеу қабілеті бұзылған 30 мыңнан астам адам бар.
Оның шамамен 5 мыңы — балалар. Көпшілігі үшін ым тілі негізгі әрі толыққанды қарым-қатынас құралы саналады. Соған қарамастан, ол әлі күнге дейін заңнамалық деңгейде ресми түрде бекітілмеген.
Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякова депутаттар ұсынған түзетулерге Үкімет қолдау білдіргенін айтты. Оның сөзінше, Мәжілістің жұмыс тобы бастаманы бірауыздан мақұлдаған.
Құрғақ сандардың артында әрқашан адам тағдыры тұрады. Кейбір адамдар ауруханада өз жағдайын түсіндіре алмайды, мемлекеттік қызмет ала алмайды, ойын жеткізе алмай жатады. Ым тіліне ресми мәртебе беру — өте маңызды қадам
Оның айтуынша, бұл бастама тек символикалық шешім емес. Ол есту қабілеті бұзылған азаматтардың білім алу, медицина, мемлекеттік қызмет, сот жүйесі және ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын кеңейтуге бағытталған.