Әлеуметтік желіде той үстінде айтылған даулы уағыз жұрттың қызу талқысына түскеннен кейін Президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қарин пікір білдірді, деп хабарлайды
порталы.
Ол қоғамда дін атын жамылып адамдарды кемсітуге, өнер мен мәдениетті жоққа шығаруға жол берілмеуі тиіс екенін айтты. Қариннің сөзінше, Қазақстанның басты қағидаты – Конституция мен заң үстемдігі.
Тойда тілекке шығып, ерсі уағыз айтып кеткен ер адамның видеосын желіден көріп қалдым. Шын мәнінде, оның әйелдерді кемсітуі, әншілерге, музыка өнеріне қатысты теріс пікір білдіруі болмысымызға мүлдем жат. Ұлттық таным-түсінікке сәйкес келмейді. Өйткені, Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің темірқазығымыз – Конституция. Бірінші орында діни шектеулер емес, еліміздің заңдары тұрады
Сондай-ақ Қарин өнер мен мәдениетті дінге қарсы қою қоғамды алға бастырмайтынын атап өтті.
Оның айтуынша, мемлекет білімді, ғылымды, өнер мен мәдениетті дамыту бағытын ұстанып келеді, ал көпшілік алдында өз көзқарасын өзгелерге күштеп таңу қоғамдық әдепке қайшы.
Мемлекетіміз таңдаған жол бұл емес. Керісінше, еліміз білім мен ғылымға, өнер мен мәдениетке басымдық беріп келеді. Көпшілік алдында адамдарды бұлайша алалау, өз пікірін қасақана тықпалау әдептілікке жатпайды. Біз өзара құрмет пен мәдениетті биік қоямыз. Еліміздің жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға ерекше мән беріп отырғаны да сондықтан
Ол ұлттық құндылықтар мен зайырлы қағидаттарға қайшы келетін әрекеттерге қоғам болып бейжай қарамауға шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әнші Роза Әлқожа тойдағы қонақтардың бірі сахнаға шығып, әншілерді "шайтанның азаншысы" деп атағанын айтып, бұл сөздерді қатаң сынға алған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ӘЛҚОЖА РОЗА ӘБДІРАЗЗАҚҚЫЗЫ (@roza_alqozha)
Қожасын пайғамбардың әулеті деп қадірлеген ел. Той иесі алтын құрсақты ана болсын деп ырым етіп, келін сәлем жасатқан. Біз де арнайы бардық сол үшін. Бірақ, құдалар тойға келмепті. Келін былайша сәлем салмайды екен. Ал мынау нағашылар жағынан шыққан ақсақал-сымақтың сөзі. Ханафи мәзхабымен жүрген аңқау елге арамза молда қайдан шыққан? Мені қойшы, тұтас музыканы харам деп тұрғаны қалай кетті? Ақшасын берді деп айыптағанға үндемей кете береміз бе?