Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: Тоқаев үндеу жасады

Малика Хамит · · 268 қаралым
Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: Тоқаев үндеу жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Конституциясының заңды күшіне енуіне байланысты халыққа үндеу жариялады, деп хабарлайды

порталы.

Президент бұл оқиғаны ел тарихындағы маңызды кезең деп атап, жаңа Конституцияның қабылдануы саяси және экономикалық жаңғыруға жол ашатынын айтты. Оның сөзінше, құжат мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғам институттарын жаңартуға негіз болады.

Бүгін тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі басталады. Біз саяси-экономикалық реформалардың, ауқымды өзгерістердің және қарқынды дамудың даңғыл жолына түсеміз
деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев жалпыұлттық референдум барысында азаматтар елдің болашағына қатысты маңызды таңдау жасағанын атап өтті. Президент қазақстандықтардың бірлігі мен жауапкершілігі тарихи шешім қабылдауға мүмкіндік бергенін айтты.

Сондай-ақ Конституция күні енді «Наурызнама» онкүндігімен қатар атап өтілетіні хабарланды. Президенттің пікірінше, бұл бастама ұлттық дәстүрлер мен Ата заң қағидаттарының сабақтастығын көрсетеді.

Біз нағыз Халық Конституциясының мызғымас құқықтық негізіне арқа сүйеп, барлық мақсат-мұраттарымызға міндетті түрде жетеміз
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы заң үстемдігі, еңбекқорлық, тазалық және табиғатты қорғау құндылықтары қоғамда берік орнығатынына сенім білдіріп, Қазақстанның одан әрі дамуы үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Біз бірлігі бекем, біртұтас ұлт ретінде баршаға бірдей мүмкіндік беретін және барлық азаматтың жан-жақты дамуына жол ашатын мемлекетті – Әділетті Қазақстанды құрамыз
деді Президент.
Бөлісу: Telegram WhatsApp