Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді: «Әділет» ресми мәртебе алды

Малика Хамит · · 134 қаралым
Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді: «Әділет» ресми мәртебе алды

Қазақстанда жаңа саяси ұйым қызметін ресми түрде бастады.

1 маусым күні Әділет министрлігі «Әділет» партиясын мемлекеттік тіркеуден өткізді, деп хабарлайды

порталы.

Партия өкілдерінің мәліметінше, ұйым құрамына елдің түрлі өңірлері мен салаларынан келген азаматтар біріктірілген.

Олардың қатарында өндіріс және өнеркәсіп қызметкерлері, білім беру мен денсаулық сақтау саласының мамандары, кәсіпкерлер, ғалымдар, заңгерлер, IT-сарапшылар, спортшылар және шығармашылық индустрия өкілдері бар.

Жаңа саяси бірлестік өз жұмысын заң үстемдігін нығайтуға, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, өңірлердің дамуын қолдауға және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағыттайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар цифрлық технологияларды дамыту мен адами капитал сапасын көтеру де негізгі міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.

Партия бағдарламасы әділдік, жауапкершілік, тең мүмкіндік, заңдылық және елдің тұрақты дамуы қағидаттарына негізделген.

Біздің мақсатымыз – кәсібилікке, ашық диалогқа және белсенді азаматтық ұстанымға сүйене отырып, Қазақстанның дамуына нақты үлес қосу
деп мәлімдеді партия өкілдері.

Ұйым алдағы уақытта өңірлік бөлімшелер желісін кеңейтіп, партиялық құрылымдарды қалыптастыру жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр. Жаңа саяси күш қоғамдық және саяси процестерге белсенді қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp