Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда жазғы маусымға орай пойыздар саны артады

Малика Хамит · · 40 қаралым
Қазақстанда жазғы маусымға орай пойыздар саны артады

Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымда жолаушылар сұранысын қанағаттандыру үшін төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, 2026 жылғы 18 маусымнан бастап Астана, Алматы, Достық және Семей бағыттары бойынша қосымша пойыздар қатынай бастайды.

Бұл шешім жазғы демалыс кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты қабылданған.

Қосымша рейстер №254/253 «Нұрлы жол – Достық», №211/212 «Алматы-2 – Достық», №207/208 «Алматы-2 – Достық» және №231/232 «Алматы-2 – Семей» бағыттары бойынша ұйымдастырылады.

№254/253 «Нұрлы жол – Достық» пойызы 22 маусым мен 31 тамыз аралығында аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайды. Құрамында 27 вагон болады және 344 жолаушыға арналған. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы купе қарастырылған.

Алматы мен Достық арасындағы №211/212 пойызы 20 маусымнан 30 тамызға дейін тақ күндері жүрсе, №207/208 пойызы 19 маусымнан 29 тамызға дейін жұп күндері қатынайды. Бұл бағыттардағы пойыздар тиісінше 326 және 288 жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Алматы мен Семей арасындағы №231/232 пойызы 18 маусымнан 30 тамызға дейін жұп күндері жүреді. Оның құрамында 22 вагон бар және 288 орын қарастырылған.

Ұлттық тасымалдаушының хабарлауынша, қосымша пойыздарды іске қосу өңірлердің көліктік қолжетімділігін арттыруға және жазғы маусымдағы жоғары сұранысты қамтамасыз етуге бағытталған.

Пойыз билеттерін bilet.railways.kz сайты арқылы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан және мобильді сервистер көмегімен сатып алуға болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp