Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда ЖИ инсульттен өлім-жітімді 40%-ға азайтты – Мәдиев

Малика Хамит · · 752 қаралым
Қазақстанда ЖИ инсульттен өлім-жітімді 40%-ға азайтты – Мәдиев

Қазақстанда инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект жүйесі бірқатар өңірде өлім-жітімді 40%-ға төмендетуге көмектесті, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, елімізде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 50-ден астам AI-агент белсенді түрде дамып жатыр.

Олардың қатарында медицина мен кәсіпкерлік саласындағы жобалар бар.

Денсаулық сақтау саласындағы нәтижелі кейстердің бірі – Cerebra AI. Бұл – инсультті ерте диагностикалауға арналған жасанды интеллект. Ол компьютерлік томография нәтижесін 30 минуттың орнына 5-10 минут ішінде талдайды. Ол инсульт диагностикасын едәуір жылдамдатады және дәлдігін арттырады
деді Жаслан Мәдиев.

Оның сөзінше, жүйе қазір Астанадағы 17 емханада, сондай-ақ Ақмола, Маңғыстау, Жамбыл және Алматы облыстарында енгізілген.

Сонымен қатар, Қаржы министрлігімен бірлескен жоба кәсіпкерлерге бизнес бастау үшін тиімді орындарды таңдауға көмектесіп, операциялық шығындарды екі есеге дейін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp