Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді

Малика Хамит · · 53 қаралым
Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді

25 тамыздан бастап Қазақстанда жол қозғалысына қатысты жаңа өзгерістер күшіне енеді.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге әсер ететін негізгі талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Енді 65 жастан асқан азаматтар мен мүгедектігі бар жүргізушілер әр екі жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Тексеруден өткені туралы мәлімет мемлекеттік органдарға автоматты түрде жіберіледі. Егер ақпарат түспесе, жүргізушінің көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылады.

Сонымен қатар жол ережесін өрескел немесе бірнеше рет бұзған жүргізушілер қайтадан теориялық емтихан тапсырады.

Мұндай талап жол қиылысында апатты жағдай туғызғандарға, жылдамдықты бірнеше рет асырғандарға, сондай-ақ қауіпті маневр жасап, жолақ ауыстыру немесе басып озу ережесін бұзғандарға қатысты қолданылады.

Егер жүргізуші қаулыны алғаннан кейін екі ай ішінде дәлелді себепсіз теориялық емтиханға келмесе, оның да көлік басқару құқығы тоқтатылады.

Бұдан бөлек, мас күйде көлік жүргізгендерге қатысты жаза күшейтілді. Енді іс жәбірленушімен татуласуға байланысты тоқтатылса да, құқық бұзушы 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ал жүргізуші куәлігі жоқ азаматтар сегіз жыл бойы оны ала алмайды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp