Қазақстанда жылыту маусымына дайындық үшін Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қаражат жылу және электр энергетикасы нысандарын жөндеуге, салуға және жаңғыртуға бағытталады.
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің өкілі Ернар Хасеновтің айтуынша, бөлінген қаржының 12,7 млрд теңгесі жылу көздеріне, 8,4 млрд теңгесі жылу желілеріне, ал 6,8 млрд теңгесі электр желілерін реконструкциялауға жұмсалады.
Биыл жалпы 377 шақырым жылу желісін жөндеу және жаңарту жоспарланған. Қазір жұмыстардың 89%-ы орындалған.
Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жылу желілерінің орташа тозу деңгейі 48%-ға дейін төмендейді деп күтілуде.