Америкалық BBC Қазақстандағы табиғатты қалпына келтіруге бағытталған маңызды бастама туралы материал жариялады, деп хабарлайды
порталы.
Басылымда Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватына Үміт есімді амур жолбарысының жіберілгені айтылған.
Бұл – Орталық Азияда бір ғасырға жуық уақыт бұрын жойылып кеткен жолбарыс популяциясын қайта қалпына келтіруге бағытталған халықаралық бағдарламаның бір бөлігі. Үміт – Ресейден жеткізілген төрт амур жолбарысының бірі.
Қазір мамандар жыртқыштың жаңа ортаға қалай бейімделіп жатқанын жіті бақылауда. Оның жағдайы толық бағаланғаннан кейін ғана қалған үш жолбарысты табиғатқа жіберу туралы шешім қабылданады.
Үміттің табиғи ортаға сәтті бейімделуі – Қазақстанда жолбарыс популяциясын қалпына келтіру жобасының келесі кезеңіне жол ашады
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от BBC News (@bbcnews)