Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық ауыл мұғалімі әлемдік хиттің битін жазды

bahitzhanabzal · · 489 қаралым
Қазақстандық ауыл мұғалімі әлемдік хиттің битін жазды
Фото: ашық дереккөз
Абай ауданына қарасты Қараауыл ауылының мұғалімі "Black Pink" K-pop тобының бұрынғы мүшесі LaLisa Manoban мен латынамерикалық әнші Rosalia-ның New Woman әнінің битін жазған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Садуханов әлемдік деңгейдегі әншілердің хитінің битін жасаған.

Мұғалім-музыкант 16 тамыз күні Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтып берді. Шығарылғаннан кейін екі күнде жаңа хитке айналған бейнеклип YouTube арнасында 35 миллионнан астам қаралым жинады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp