Үндістанда қазақстандық велоспорт жаттықтырушысы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды
порталы.
Қазақстан велоспорт федерациясы жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Үндістанның Times of India басылымы 34 жастағы қазақстандық жаттықтырушы Мақсат Аязбаевқа қатысты іс бойынша іздеу жарияланғанын жазды.
Басылым мәліметінше, оған кәмелетке толмаған велошабандозға қатысты сексуалдық зорлық жасады деген айып тағылған.
Қазақстан велоспорт федерациясы жаттықтырушының соңғы жылдары Үндістанмен келісімшарт негізінде жұмыс істеп, сол елдің ұлттық құрамасын дайындағанын мәлімдеді.
Федерацияның айтуынша, Аязбаев қазір Қазақстан ұлттық құрамасына қатысы жоқ.
Үндістанда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Тергеудің мән-жайына қатысты түсініктеме бере алмаймыз
Бұл жағдайдан Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де хабардар. Ведомство қазақстандық азаматтың туыстарымен байланыста екенін және оған консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады.
СІМ мәселені бақылауда ұстап отыр.