Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық бренд ресейлік блогер үшін сынның астында қалды

Малика Хамит · · 111 қаралым
Қазақстандық бренд ресейлік блогер үшін сынның астында қалды

Қазақстандық Sen Sulu косметика бренді ресейлік блогер Валя Карнавал қатысқан жарнамадан кейін әлеуметтік желілерде сынның астында қалды, деп хабарлайды

порталы.

Компанияның жаңа коллаборациясы қазақстандық қолданушылар арасында қызу талқыланып, желіде брендке бойкот жариялау үндеулері тарай бастады.

Даудың туындауына блогердің бұрын қазақтарға қатысты айтқан сөзі туралы ескі сындардың қайта көтерілуі себеп болған. Әлеуметтік желі қолданушылары Sen Sulu-дың дәл осы блогермен жұмыс істеуін сәтсіз шешім деп бағалады.

Компания өкілдері болса, Валя Карнавал брендтің ресми амбассадоры емес екенін мәлімдеді. Өзін Sen Sulu маркетологы ретінде таныстырған Бақытгүл Қазбекованың айтуынша, блогер тек жаңа нарыққа шығу және аудиторияны кеңейту мақсатындағы жарнамалық коллаборацияға қатысқан.

Валя Карнавал Sen Sulu брендінің Қазақстандағы немесе басқа елдегі амбассадоры емес. Біз жаңа нарыққа шығып, аудиторияны кеңейту үшін тек жарнамалық компания, коллаборация үшін ғана серіктес болдық
деді ол.

Алайда бұл түсініктеме қоғамның наразылығын бәсеңдете алмады. Желіде қолданушылар брендке жаппай бойкот жариялап, пікір қалдыруды жалғастырып жатыр.

Даудың күшеюіне блогер Антон Суворкиннің мәлімдемесі де әсер етті. Оның айтуынша, түсірілім кезінде Валя Карнавал қазақ тіліне қатысты жағымсыз реакция білдірген көрінеді. Суворкин блогердің «қазақтар болмасын» деген мазмұндағы сөз айтқанын мәлімдеген.

Ал Валя Карнавал бұл айыптауларды жоққа шығарып, ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты. Сонымен қатар ол Қазақстанға және қазақ халқына құрметпен қарайтынын жеткізген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp