Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық Бурабайдағы ойын бизнесіне қарсы петиция жариялады

bahitzhanabzal · · 327 қаралым
Қазақстандық Бурабайдағы ойын бизнесіне қарсы петиция жариялады

Қоғам белсендісі Болат Башжанов Бурабайдағы ойын бизнесіне қарсы петиция жариялады. Ол курорттың табиғи аумақтарында казино мен бәс тігетін орындардың ашылуына қарсы,  деп жазады qandastar.kz

Белгілі болғандай, биылғы жылдың 23 қыркүйегінде Ақмола облысы әкімдігі казино, ойын автоматтары, букмекерлік кеңселер мен букмекерлік дүкендерді орналастыруға рұқсат берілетін аумақтарды айқындайтын қаулы қабылдаған. Құжатқа сәйкес, ойын аймақтарын орналастыру келесі аумақтарда жоспарланған. Олар: Щучье көлінің оңтүстік-шығыс жағалауы (Светлый және Щучинск шағынаудандары). Үлкен Чебачье көлінің солтүстік-батыс бөлігі. Текекөл көлінің маңы. Бурабай ауылы. Сарыбұлақ және Оқжетпес ауылдары.

Бөлісу: Telegram WhatsApp