Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық ескек есушілер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Малика Хамит · · 16 қаралым
Қазақстандық ескек есушілер Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының спортшылары Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Олар академиялық есуден ерлер арасындағы рульшісіз қос қайық (M2−) жарысында бақ сынады. Қазақстандық экипаж А финалында мәреге бірінші болып жетіп, Қытай спортшыларынан 2,09 секундқа озып кетті.

Яковлев пен Чернухин бұған дейін де халықаралық жарыстарда жүлдеге іліккен. 2025 жылы олар ересектер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль алса, биыл Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында өткен Азия кубогында алтын жеңіп алған.

Енді қазақстандық спортшылар Азия ойындарындағы жетістігін тағы бір жарыста толықтыруға мүмкіндік алады. Бүгін Яковлев пен Чернухин Ярослав Мельников және Тимур Фомичевпен бірге ерлер арасындағы рульшісіз төрттік (M4−) сайысының А финалына қатысады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp