Қазақстан футболы жаңа кейіпке енді.
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған су жаңа ойын формасын ресми түрде көрсетті, деп хабарлайды
порталы.
Жаңа дресскодты әлемдік спорт алыбы - Adidas дайындаған. Жоба UEFA-ның арнайы Kit Assistance Scheme бағдарламасы аясында жүзеге асқан.
Форма екі стильде ұсынылды: үйдегі матчтарға арналған классикалық сары, сырт алаңдағы ойындарға арналған көк.
Айта кетерлігі, Қазақстан осы бағдарлама арқылы тегін экипировка алған Еуропадағы санаулы 10 құраманың қатарына кіріп отыр. Бұл - отандық футбол үшін жаңа деңгей.
Тағы бір қызық: командалар енді Adidas-тың арнайы Locker Room жүйесі арқылы өз дизайнын да кастомдай алады.
Ал жанкүйерлер үшін басты интрига - дебют! Жаңа формадағы алғашқы матчтар маусым айында өтеді. Біздің құрама жолдастық кездесулерде Армения және Венгрия құрамаларына қарсы ойнайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Kazakhstan national football team (@kff_team)