Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 20–26 мамыр аралығында өткен AMMA MMA бойынша Азия чемпионатында қазақстандық спортшы жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жарыс қорытындысы бойынша Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Талшын Жұматаева қола медаль жеңіп алып, Қазақстанның спорттағы абыройын халықаралық аренада лайықты деңгейде көрсетті.
Чемпионатқа Азия елдерінен келген үздік спортшылар қатысып, әр салмақта тартысты белдесулер өтті. Қазақстан намысын қорғаған Талшын Жұматаева жоғары дайындық пен шеберлік танытып, үздік үштіктен көрінді.
Әріптестері мен сала өкілдері спортшыны жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тіледі.
