Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстан қоржынына бесінші алтын! Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Малика Хамит · · 10 қаралым
Қазақстан қоржынына бесінші алтын! Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында бесінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин ММА-дан чемпион атанды.

77 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда Бахрейн өкілі Мұхаммед Нәбиевпен кездесті. Бүркіталин жекпе-жекті өз пайдасына аяқтап, төрешілер шешімімен 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Қазақстан спортшысы Азия ойындарының алтын медалін иеленді.

Айта кетейік, аралас жекпе-жек бұл жолы Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр. Бүркіталиннің жеңісі Қазақстан қоржынына осы додадағы бесінші алтынды салды.

XX жазғы Азия ойындары Жапонияда 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан атынан жарысқа 558 спортшы қатысып жатыр. Олар спорттың 35 түрінен жүлдеге таласуда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp