Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандық спортшылар Мажарстандағы турнирде тағы үш қола медаль иеленді

bahitzhanabzal · · 144 қаралым
Қазақстандық спортшылар Мажарстандағы турнирде тағы үш қола медаль иеленді

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде ел құрамасы қоржынына үш қола түсті, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ел құрамасынан Ержет Жарылқасын (63 келі), Марлан Мұқашев (55 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлдеге қол созды.

Қазірге дейін әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (72 келі) күміс алса, Нилуфар Раимова (57 келі), Эльмира Сыздықова (76 келі) мен еркін күрестен Асылжан Есенгелді (61 келі) қола жүлдегер атанған еді.

Аталған жарысқа 14 елден 99 спортшы жиналды.

Айта кетсек, қазақстандық төрешілер 2025 жылғы күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында қызмет атқарады.

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына төрешілерді тағайындады. Дүбірлі дода 13-21 қыркүйек аралығында өтеді.

Ұйым жариялаған тізімге еліміздің атынан екі төреші енді. Алдағы әлем біріншілігінде белдесулерді Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков жүргізеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp