Стендап-комик әрі іс-шара ұйымдастырушысы Әлібек Жұмабаев әзілдегені үшін 5 тәулікке қамауға алынған. Алайда арнайы қабылдау изоляторында бос орын болмағандықтан, комик үйіне жіберілген, деп жазады qandastar.kz. Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Блогердің мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 2 қарашада сағат 21:00 Семейдегі Момышұлы көшесі 31/33 мекенжайында орналасқан «Костер» мейрамханасында өткен стендап-концерт кезінде болған.
Комик Instagram-парақшасына толтырылған хаттаманы жүктеді, онда оның стендап-шоуды өткізу барысында әдепсіз сөздер қолданғаны және өнерінің бейнежазбасын әлеуметтік желіге жүктегені көрсетілген. Құжатта Жұмабаевтың әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы, 1-бөлігі бойынша «Қоғамға құрметсіздік танытты» деп бағаланған.
Жұмабаев кейінірек ізоляторда бос орын жоқ болғандықтан, қамауда ұстау шарасы орындалмай, үйіне қайтарылғанын мәлімдеді.
Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі стендап-комик Әлібек Жұмабаевтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 22 қарашада шамамен сағат 21:00-де комик мейрамханада өнер көрсетіп, әдепсіз сөздер айтқан.
Іс-шарадан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап, қоғамда қызу талқыға түсті. Жарияланған жазбаны зерттеген полицейлер қоғамдық орында бейәдеп сөздер айтқаны үшін құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты
Сот тергеу жүргізіп, комикті кінәлі деп таныған.
Әкімшілік материалды қарау қорытындысы бойынша сот оны кінәлі деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады
