Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Рейтинг жаңартылғаннан кейін Рыбакина екінші орыннан жоғары көтеріліп, бұған дейін көш бастап тұрған Арина Соболенконы басып озды. Үшінші сатыда америкалық Джессика Пегула тұр.
Рыбакинаның рейтингтегі тарихи жетістігіне US Open-2026 турнирі шешуші әсер етті. Ол ширек финалда қытайлық Чжэн Циньвэньді жеңіп, жартылай финалға шыққаннан кейін әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілуге қажетті ұпайды қамтамасыз етті.
Алайда қазақстандық спортшы мұнымен тоқтаған жоқ. Финалда Рыбакина Арина Соболенконы жеңіп, US Open чемпионы атанды.
Бұл — Еленаның US Open-дегі алғашқы жеңісі және мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы.
Осылайша Рыбакина бір турнирде әрі чемпион атанып, әрі әлемдік рейтингтің шыңына шықты.