Фото: тредс
Астанада өткен концертте Дженнифер Лопеске үш қызыл раушан гүлін сыйлап, әлеуметтік желі жұлдызына айналған Мәди Молдашев бұл әрекетінің себебін түсіндіріп, әншінің жанкүйерлеріне флешмоб ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды
Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ол бұл туралы 2 тамызда Threads желісінде жазды.
Threads-та қарап отырсам, бәрі менің сыйлаған үш раушаным жайлы талқылап жатыр
Оның айтуынша, ол әдейі шағын гүл шоғын таңдаған, себебі көпшіліктің арасында үлкен букет бүлініп қалуы мүмкін: "Алдыңғы қатар үшін күресте кәдімгі гүл шоғынан түк қалмас еді. Ал кішкентайы ыңғайлы – жіңішке, жеңіл, сыртта 8 сағат, залда 4 сағат шыдады".
Сондай-ақ, ол әншінің Алматыдағы келесі концертінде жанкүйерлерді үш раушан гүлін целлофанға орап алып келуге кеңес берді.
Америкалық жұлдыз Дженнифер Лопестің Астанадағы концерті 1 тамыз, жұма күні өтті. Ал 10 тамызда 56 жастағы актриса Алматыны дүр сілкіндірмек. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, барлық билет сатылып кеткен.