Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандықтар жылуға 700 миллион артық төлеген

bahitzhanabzal · · 218 қаралым
Қазақстандықтар жылуға 700 миллион артық төлеген

Фото: ашық дереккөз

Монополистер қазақстандықтарға 768 миллион теңге көлемінде жылу үшін төленген артық ақшаны қайтарады, деп жазды qandastar.kz

Finprom.kz мәліметінше, қайтарылған сома биылғы жылыту маусымында тұтынушылардың жеке есепшоттарына аударылады.

2023/2024 жылғы жылыту кезеңінде жылумен қамту қызметін көрсететін табиғи монополия субъектілері жылу есептеу құралдары жоқ тұтынушылар үшін 768,2 миллион теңге көлемінде қайта есептеу жүргізді
деп жазылған хабарламада.

Аймақтар бойынша қайтарылатын сома:

  • Шығыс Қазақстан облысы – 354,5 миллион теңге (ең жоғары көрсеткіш);
  • Алматы – 95,4 миллион теңге;
  • Маңғыстау облысы – 60,9 миллион теңге;
  • Қызылорда облысы – 38,6 миллион теңге;
  • Ақтөбе облысы – 37,7 миллион теңге;
  • Ақмола облысы – 33,5 миллион теңге;
  • Қостанай облысы – 32 миллион теңге.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында жылу энергиясымен қамту құны нақты температураға байланысты есептелетіндіктен, тұтынушыларға басқа тәсіл қолданылатыны хабарланды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp