Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандықтарды боксқа толы демалыс күтеді: Биволдың чемпиондық айқасы мен Роман Фресстің реваншы көрсетіледі

Бақытжан Мұса · · 79 қаралым
Қазақстандықтарды боксқа толы демалыс күтеді: Биволдың чемпиондық айқасы мен Роман Фресстің реваншы көрсетіледі

30 мамыр күні қазақстандық бокс жанкүйерлерін кәсіпқой рингтегі екі ірі оқиға күтеді. Freedom Media онлайн-кинотеатры әлем чемпионы Дмитрий Биволдың қатысуымен өтетін титулдық кешті және қазақстандық Роман Фресс пен Арменд Ходжай арасындағы реваншты тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Барлық жекпе-жектер сервис жазылымы аясында қосымша ақысыз қолжетімді болады.

Кештің басты айқасы — Дмитрий Бивол мен Германия өкілі Михаэль Айферт арасындағы жартылай ауыр салмақта өтетін чемпиондық жекпе-жек. Боксшылар IBF, WBA, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпиондық белбеулерін сарапқа салады.

Қазіргі таңда Дмитрий Бивол әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі саналады. Ол соңғы жылдары жоғары деңгейдегі тұрақтылығымен және техникалық шеберлігімен ерекшеленіп келеді. Ал оның қарсыласы Михаэль Айферт — қауіпті әрі тәжірибелі боксшы, әлемдік аренада өз орнын дәлелдеуге ниетті.

Турнир барысында бірнеше рейтингілік және титулдық кездесулер де өтеді.

30 мамырдағы жекпе-жектердің кестесі:

• 17:00 — Шугаиб Насрулаев vs Матвей Доценко • 17:30 — Валерий Оганисян vs Гор Хачятрян • 18:00 — Олег Мисюра vs Константин Мишечкин • 18:30 — Сергей Лубкович vs Майкл Кинг (IBF Asia титулы үшін) • 19:20 — Сайпайер Рузи vs Шарабутдин Атаев • 20:00 — Гонсало Гарсия vs Никита Зонь (WBA Gold титулы үшін) • 20:50 — Себастьян Папечи vs Вадим Туков (WBA Gold титулы үшін) • 21:30 — Эрни Бетанкур vs Мухаммад Шехов (WBA World титулына іріктеу жекпе-жегі) • 22:40 — Кристиан Оливо vs Всеволод Шумков (WBA Gold титулы үшін) • 23:20 — Михаэль Айферт vs Дмитрий Бивол (IBF, WBA, WBO және IBO чемпиондық белбеулері үшін)

Бокс кеші мұнымен шектелмейді. 31 мамырға қараған түні Freedom Media Магдебургте өтетін қазақстандық Роман Фресс пен Арменд Ходжай арасындағы реваншты да тікелей эфирде ұсынады.

Бұл кездесу Роман Фресс үшін аса маңызды. Себебі дәл осы Арменд Ходжай 2022 жылы қазақстандық боксшының кәсіпқой мансабындағы алғашқы әрі жалғыз жеңілісін тіркеген болатын. Енді Фресс қарымта қайтаруға мүмкіндік алады.

Реванш барысында WBO ұйымының бірден үш титулы — International, Intercontinental және European белбеулері сарапқа салынады. Жеңіске жеткен боксшы рейтингтің көшбасына көтеріліп, әлем чемпионы атағына басты үміткерлердің біріне айналады.

Жекпе-жектің тікелей трансляциясы 31 мамыр күні Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Екі бокс кешін де Freedom SuperApp ішіндегі Freedom Media онлайн-кинотеатрынан көруге болады. Жаңа қолданушылар үшін 30 күндік жазылым 5 теңгеден басталады. Барлық трансляциялар жазылым пакетіне кіреді және қосымша төлем талап етілмейді.

Толығырақ:

.

Бөлісу: Telegram WhatsApp