Қазақстандықтар қазан айында Республика күніне орай қатарынан үш күн демалады. Бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер 24, 25 және 26 қазан күндері демалады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Биыл 25 қазан – Республика күні сенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты мерекеден кейінгі дүйсенбі, 26 қазан да демалыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтіндер үшін 24 және 25 қазан – демалыс күндері. 26 қазан олар үшін жұмыс күні болып саналады.
Жалпы, қазан айында бес күндік жұмыс аптасында 10 демалыс күні болса, алты күндік жұмыс аптасында 6 күн демалыс болады.
Республика күні соңғы жылдары қазақстандықтарға ұзақ демалыс алуға мүмкіндік беріп келеді. Мәселен, 2024 жылы мереке жұмаға сәйкес келіп, тұрғындар үш күн қатарынан демалды. Ал 2023 жылы Республика күні сәрсенбіге түсіп, қазақстандықтар жұмыс аптасының ортасында бір күн демалған.
Айта кетейік, қыркүйек айында Қазақстанда ресми мереке болған жоқ. Бес күндік жұмыс аптасындағылар 8 күн, алты күндік жұмыс аптасындағылар 4 күн демалды.