Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандықтарды заңсыз жұмысқа тартқан желіге соққы берілді

Малика Хамит · · 403 қаралым
Қазақстандықтарды заңсыз жұмысқа тартқан желіге соққы берілді

Ішкі істер министрлігі Украина Ұлттық полициясымен және екі елдің бас прокуратураларымен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында халықаралық қылмыстық топтарға тиесілі call-орталықтардың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды

порталы

-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 28 мамыр күні Киев қаласында Еуропа және ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіру және таратумен айналысқан қылмыстық ұйымға қатысы бар бірнеше call-орталық анықталған.

Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін пайдаланылғаны анықталды. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Дәйексөз

Арнайы операция нәтижесінде 11 адам ұсталды. Олардың қатарында ұйымдастырушылар, операторлар және азаматтарды заңсыз қызметке тартумен айналысқан тұлғалар бар.

Тоғыз мекенжай бойынша жүргізілген тінту кезінде шамамен 40 мың АҚШ доллары, 10 мың еуро, Range Rover автокөлігі, 18 ұялы телефон, сондай-ақ 12 ноутбук пен планшет тәркіленді.

Қазір тәркіленген техникадағы мәліметтер зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізілуде
деді Елдар Әбдікенов.

ІІМ мәліметінше, аталған call-орталықтардың жабылуы Қазақстан азаматтарын есірткі қылмыстарына тарту деректерін азайтуға және халықаралық есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

[embed]https://youtu.be/y-0VW52IH3g?si=UHcQIhY43_phNQby[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp