Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандықтардың 86,7 пайызы президентке сенім білдіреді – ҚСЗИ зерттеуі

Бақытжан Мұса · · 896 қаралым
Қазақстандықтардың 86,7 пайызы президентке сенім білдіреді – ҚСЗИ зерттеуі

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) президентке деген халық сенімінің деңгейін анықтау мақсатында жүргізілген сауалнама нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.

Институт мәліметінше, 2026 жылдың сәуір айында өткен әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша президентке сенім білдіретін азаматтардың үлесі 86,7 пайызды құраған. ҚСЗИ бұл көрсеткіштің соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып келе жатқанын атап өтті.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, президентке ең жоғары сенім білдірген топ – жастар. Олардың арасында сенім деңгейі 91,4 пайызға жеткен. Мамандар мұны жастардың білім гранттары, мемлекеттік бағдарламалар мен цифрлық қызметтерді белсенді пайдалануымен және елдің даму кезеңінде қалыптасып келе жатқан буын болуымен байланыстырады.

Сауалнама қорытындысы қала және ауыл тұрғындары арасында да президентке деген сенім деңгейі шамалас екенін көрсетті. Қала тұрғындарының 86,9 пайызы, ал ауыл халқының 86,7 пайызы сенім білдірген. Сонымен қатар әйелдер арасындағы сенім көрсеткіші ерлерге қарағанда 3,8 пайызға жоғары болған.

Зерттеу барысында азаматтардың сатып алу қабілеті артқан сайын президентке деген сенім деңгейі де өсетіні анықталған.

Әлеуметтік сауалнама ҚСЗИ тапсырысымен 2026 жылдың 10 сәуірі мен 10 мамыры аралығында жүргізілді. Зерттеуге еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан 8 мың адам қатысқан.

Бөлісу: Telegram WhatsApp