Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандықтардың әдемі болуға кеткен шығыны 127 млрд теңгеден асты

Малика Хамит · · 59 қаралым
Қазақстандықтардың әдемі болуға кеткен шығыны 127 млрд теңгеден асты

Қазақстанда сұлулық индустриясы да қарқынды дамып келеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

2025 жылы елдегі шаштараздар мен сұлулық салондары 127,3 млрд теңгенің қызметін көрсеткен.

Бұл соманың ең қомақты бөлігі шаштараздарға тиесілі. Олардың қызмет көлемі 67,5 млрд теңгеге жетіп, бір жылда 5,3%-ға өскен.

Ал маникюр мен педикюрді қоса алғандағы косметикалық қызметтерге 7,5 млрд теңге жұмсалған. Сұлулық салондарының басқа да қызметтерінен түскен қаражат 52,3 млрд теңгені құраған.

Сұлулық индустриясы тек ірі қалаларда емес, ауылдық жерлерде де өсіп келеді. Мәселен, 2025 жылы ауылдардағы шаштараз қызметтерінің көлемі 34,3 млрд теңгеге жеткен. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 4,2%-ға көп.

Ауылдық жерлерде сұлулық салондарының өзге қызметтері 1,9 млрд теңгені, ал косметикалық қызметтер 814,9 млн теңгені құраған.

Қысқасы, қазақстандықтар үшін шаш қию, маникюр жасау мен өзге де сұлулық процедуралары күнделікті шығындардың елеулі бөлігіне айналып келеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp