Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға қатысты хабарламалар жіберіліп жатыр

Бақытжан Мұса · · 677 қаралым
Қазақстандықтарға мобильді аударымдарға қатысты хабарламалар жіберіліп жатыр

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 28 мамыр күні Сенат кулуарында қазақстандықтардың мобильді аударымдарын тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Журналистер тексеру нәтижесіне байланысты азаматтарға хабарламалар жіберіле бастағаны жөнінде сұрақ қойған.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі таңда барлық санат бойынша хабарламалар жолданып жатыр. Сонымен қатар азаматтарға жауап беру үшін 30 жұмыс күні беріледі.

"Салық төлеушілерге декларация тапсыруға немесе түсініктеме ұсынуға мүмкіндік қарастырылған. Қазір ешқандай айыппұл санкциялары немесе банктік шектеулер қолданылып жатқан жоқ", – деді Ержан Біржанов.

Оның сөзінше, тексеру барысында азаматтарға бірден жаза қолданылмайды. Алдымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есептілікті ретке келтіруге уақыт беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Ержан Біржанов күмән тудырған мобильді аударымдар бойынша нақты мәліметтер қашан белгілі болатыны туралы да пікір білдірген еді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp