Фото: ашық дереккөз
2024 жылғы 3 тамызда "Айша бибі" автомобиль өткізу пунктінде ҰҚК ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын (30 мың қорап) әкелудің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ілеспе құжаттары жоқ темекі өнімдерін халық тұтынатын тауарлар түрінде алып өтпекші болған.
Жүк одан әрі қарау үшін тиісті органға берілді.