Мазмұнға өту
qandastar.

Черногория президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Малика Хамит · · 39 қаралым
Черногория президенті Қазақстанға ресми сапармен келді

Қазақстанға ресми сапармен келген Черногория Президенті Яков Милатовичті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Салтанатты шара Тәуелсіздік сарайында ұйымдастырылды. Рәсім барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт бергеннен кейін Қазақстан мен Черногорияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Одан соң екі ел басшылары ресми кездесулер мен келіссөздер бағдарламасына кірісті.

Яков Милатовичтің Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, саяси диалогты нығайтуға және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған.

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара қызығушылық тудыратын бағыттарды талқылайды деп күтілуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp