Қазақстаннан жанар-жағармайды заңсыз әкетудің мыңдаған дерегі анықталды, деп хабарлайды
порталы.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 2400-ден астам фактісінің жолы кесілген.
Тексеру барысында бензин, дизель отыны, керосин және басқа да мұнай өнімдерінің 300 тоннадан астамы тәркіленді.
Алып қойылған өнімнің жалпы құны шамамен 60 миллион теңгені құрайды.
Ведомствоның хабарлауынша, заң бұзушылықтарға қатысы бар азаматтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылған.
Бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармай материалдарының көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған
Қазіргі уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=8v9aWqsV3ZQ[/embed]