Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның бірқатар өңірінде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Бақытжан Мұса · · 73 қаралым
Қазақстанның бірқатар өңірінде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазгидромет 15 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық сақталып, бірқатар өңірде жоғары өрт қаупі күтіледі. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Елордада күндіз ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін көтеріледі. Сонымен қатар найзағай ойнап, дауыл тұрып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күндіз +35…+37°C ыстық болады. Синоптиктер мұнда да жоғары өрт қаупі бар екенін ескертті.

Шымкентте ауа температурасы +40…+42°C-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Қалада жоғары өрт қаупі жарияланған.

Сондай-ақ еліміздің кейбір өңірлерінде найзағай ойнап, екпінді жел, шаңды дауыл және бұршақ жаууы ықтимал.

Бөлісу: Telegram WhatsApp