Мазмұнға өту
qandastar.

Қазақстанның бірқатар өңірінде ірі есірткі арналарын ұйымдастырғандар ұсталды

Малика Хамит · · 1 061 қаралым
Қазақстанның бірқатар өңірінде ірі есірткі арналарын ұйымдастырғандар ұсталды

Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтті.

Мамыр айының екінші онкүндігінде еліміздің бірнеше өңірінде аса ірі есірткі партияларын тарату арналары анықталып, жолы кесілді, деп хабарлайды

порталы

-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында қала тұрғыны ұсталып, одан екі килограмнан астам альфа-PVP синтетикалық есірткісі тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған.

Сонымен қатар мегаполисте тағы бір азамат қолға түсті. Оның тұрғылықты жерін тінту кезінде шамамен бір килограмм синтетикалық есірткі мен психотроптық әсері бар дәрілік заттар табылған.

Шығыс Қазақстан облысында интернет-дүкен кураторының тапсырмасымен өңірлерге есірткі тасымалдаған Алматы облысының тұрғыны ұсталды. Одан екі килограмнан астам тыйым салынған зат тәркіленді.

Ал Қарағанды облысында “Алматы – Екатеринбург” тасжолында ірі көлемдегі синтетикалық есірткіні тасымалдаған күдікті қолға түсті. Көлік салонын тексеру кезінде бір килограмм альфа-PVP анықталған.

ІІМ мәліметінше, тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы алты килограмнан асады. Бұл 18 мыңнан астам бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне тосқауыл болғанын көрсетеді.

Тәркіленген синтетикалық есірткінің жалпы салмағы алты килограмнан астам. Бұл заңсыз айналымға түсуі мүмкін 18 мыңнан астам бір реттік дозаның жолы кесілгенін білдіреді. Яғни, мыңдаған жастардың өмірі мен денсаулығына зиян келмеді», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.
Дәйексөз

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ІІМ жазғы демалыс қарсаңында жастарға үндеу жасап, “жеңіл ақша” табу туралы күмәнді ұсыныстарға алданбауға шақырды.

Есіңізде болсын: қылмыскерлер сізді "шығын" ретінде ғана пайдаланады. Өз жақындарыңыз туралы ойланыңыз
деді Бақытжан Әмірханов.

[embed]https://youtu.be/nvYSS1QbWao?si=pXjN5Q-ArXRwSamD[/embed]

Бөлісу: Telegram WhatsApp