Фото:
Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі Израильдегі қазақстандықтарға маңызды ақпаратпен жүгінді, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Шұғыл хабарлама бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда таратылды.
"Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды",- деп мәлімдеді ведомство.Сондай-ақ, Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері ашық.
Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:
- +972 (3) 503 78 85 (кезекші)
- +972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
- +972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
- +7 700 111 31 96 (WhatsApp)